Томас Хант Морган | |
Thomas Hunt Morgan | |
Томас Морган. Фотография 1891 жылы | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні |
4 желтоқсан 1945 (79 жас) |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы | |
Атақты шәкірттері | |
Марапаттары |
|
Томас Хант Морган (ағылш. Thomas Hunt Morgan; 25 қыркүйек 1866, Лексингтон — 4 желтоқсан 1945, Пасадина) — американдық биолог, генетиканың негізін қалаушылардың бірі, Итака, Нью-Йорк (1932) алтыншы Халықаралық генетика конгресінің төрағасы. «Тұқым қуалаудағы хромосоманың рөліне қатысты ашылулары үшін» физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1933 жылы лауреаты.
Алғаш рет өз зерттеулерінде жеміс шыбыны дрозофиланы (Drosofula melanogaster) пайдаланды. АҚШ Ұлттық ғылым академиясының президенті (1927—1931), КСРО РА- ның құрметті мүшесі (1932). Кентукки университетін (1886) және Балтимордағы Дж. Хопкинс университетін (1891) бітірген. Брин-Мордағы әйелдер колледжінде (1891—1904) және Нью-Йорктегі Колумбия университетінде (1904—1928) профессор. Пасаденадағы Калифорния технология институтының биология лабораториясының (1928—1945) меңгерушісі. Томас регенерация мен жануарлардың жынысын анықтау мәселелерін және эксперименттік эмбриологияны зерттеді,Морган өз кызметкерлерімен бірігіп, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашып, гендердің хромосомаларда орналасатындығын дәлелдеді. Нобель сыйлығының лауреаты (1933 ж.).
Академиялар мүшесі:
Бұл — ғалым-биолог туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |