EBay | |
---|---|
URL | www.ebay.com List of domain names |
Registration | required to buy and sell |
тілі | Multilingual |
Revenue | ▲$7.67 billion USD (2007) |
eBay — желі сауда жүйесі.
eBay Inc. (ибэ́й деп айтылады) — интернет-дүкендер мен интернет-аукциондар аумағында өз қызметтерін ұсынатын америкалық компания. eBay.com веб-сайтын, кейбір мемлекеттердегі оның жергілікті нұсқасын және eBay Enterprise компаниясын басқарады. 1995 жылы 4 қыркүйекте Сан-Хоседе (Калифорния штаты) Пьер Омидьяр бағдарламашысы AuctionWeb атты өзінің жеке веб-сайтының бір бөлігі ретінде онлайн аукцион жасап шығарды .
eBay құрылу мақсаты Пьер қалыңдығы басқа да коллекция жинаушылармен PEZ ойыншық-мөлшерлеуіштермен алмасуға мүмкіндігі болуы үшін болған деген белгілі уақиға 1997 жылы жұртшылықпен байланыс жұыстары бойынша компания менеджерімен ойлап табылды, кейін ол компанияның өзімен расталды. AuctionWeb-тегі ең бірінші сатылған зат- 13,83 долларға сатылған Омидьярдың бұзылған лазерлі сілтеу таяқшасы. Сатып алушымен байланыс орнатып , Пьер сатып алушыдан: «лазерлі сілтеуші таяқша бұзылғаны екенін білесіз бе?» деп сұрап білді. Жауап хатында сатып алушы былай түсіндірді: «Мен бұзылған лазерлі сілтеуші таяқшаларды жинақтаймын». AuctionWeb алғашында толығымен тегін болатын, кейін бірте-бірте сатушылар мен сатып алушыларды жұмылдыра бастады. 1995 жылдың соңына қарай сайтта мыңдаған аукциондар өткен болатын. 1995 жылдың соңында Пьер Омидьяр eBay аукционына аукционның жұмысының принциптерін анықтайтын және қазіргі уақытқа дейін әрекет ететін базалық құндылықтар орнатты :
Компания бүгінгі атауын 1997 жылдың қыркүйегінде иеленді. Ең басында Омидьяр Echo Bay Technology Group консалтингтік компаниясымен байланысын сақтап қалу үшін сайтты Echo Bay Technology Group деп атағысы келді. Алайда EchoBay.com домендік атауды Echo Bay Mines алтын қазатын компанияның қолында еді және атауы eBay.com деп қысқартылды. Кейінгі жылдары eBay «бүргелі нарықтың» сипатты белгілеріне ие «С2С» сауда алаңынан жеке және де заңды тұлғалар қолданатын «B2C» платформасына дейін дамып кетті.
eBay-дың негізгі идеясы кез-келген тауарларды сату үшін саудагерлерге интернет-платформа беруде негізделген. eBay фирмасының өзі сатушы мен сатып алушы арасындағы сауда-саттық келісіміне отыру кезінде тек делдал ретінде шығады. Тауардың төлемі және оның жеткізілімі eBay фирмасының қатысынсыз жүреді.Платформаны пайдаланғаны үшін сатушылар сауданың бағасынан түскен пайыздардан және лотты ұсынғаны үшін алынған жинақтан жиналған төлемін төлейді. eBay табысы осы платформа арқылы жасалған сауданың көлемінен тікелей байланысты онда жеткілікті түрде либералды шарттар орындалады. Сатылымға eBay филиалы тіркелген, заңына қайшы келмейтін және қара тізімге енбеген мемлекеттің кез -келген тауарлар және қызметтері рұқсат етілген.
Сатылым кезінде сатушының үш модельдің біреуін таңдауға мүмкіндігі бар:
Сатылымның бұл тәсілі eBay үлкен табыс алып келді.Сатушы лоттың бастапқы бағасын ,сатылымның басталу уақықытын және олардың ұзақтығын тағайындайды. Барлық сатып алушылар кез-келген уақытта сол лотқа белгілі бір мөлшерлемені қоя алады, алайда мөлшерлеме басқа да потенциалды сатып алушылармен өзгертіле алады. Белсенді мөлшерлемелер қарауға кез-келген уақытта ашық. Аяқталуына жақын қалған кезде мөлшерлеме көлемі ең үлкен болған аукцион қатысушысы тауарды сатып алуға құқылы болады.Сатып алудың бағасы максималды мөдшерлемеге емес, мөлшерлеменің көлеміне тәуелді көлемі бойынша бір инкрементке артық болады (мысалы, $500-ден $999,99-ге дейін мөлшерлемеде $10 ). Осылайша eBay екінші баға аукционын жүзеге асырады.
Сатушы өз тауарын алдын-ала бекітілген бағасы бойынша (Buy It Now) белгілі бір уақытқа дейін(сауданың соңына шейін) ұсынады. Тауарды сатып алуға көрсетілген баға бойынша тауарды сатып алуға келіскен сатып алушы құқылы болады.Сатылымның бағасын бекітілген және аукционнан болған бағаларды сәйкестендіруге болады.
Сатушы сол тұлғаның лоттары енгізілетін, eBay веб-сайтының бөлігінде көрсетілетін уақытқа байланысты шектеусіз хабарландыру жасайды. eBay Shop деп аталатын бөлімдерінде сатушы әрекет ету уақытының көрсетпей-ақ хабарландыру жасай алады. Қосымша осы бөлімде қазіргі уақытта аукционнан сатылатын немесе бекітілген бағасы бойынша осы сатушының тауарлары көрсетіледі. Компанияның осы бизнес-стратегиясы — халықаралық сатылым санының өсуінен болған табыстың көбеюі. eBay қазіргі уақытта 20-дан артық мемлекеттер жұмыс жасайды, соның ішінде Қытай және Индия. eBay-дың ене алмаған жалғыз мемлекеті-Япония, себебі онда онлайн-аукцион нарығында монопольді түрде Yahoo компаниясы үлкен басымдылыққа ие. eBay Developers Program-да тіркелген БЖ жасаушылары eBay API аукционмен өзара байланысты қамтамасыз ете отырып, өзінің бағдарламаларында пайдалана алады.
Бизнес-модель тиімділігінің себептері.