Вал Логсдон Фитч | |
ағылш. Val Logsdon Fitch | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы |
ядролық физика |
Жұмыс орны | |
Альма-матер | |
Марапаттары |
|
Вал Логсдон Фитч (ағылш. Val Logsdon Fitch; 10 наурыз 1923, Мерриман, Небраска — 5 ақпан 2015, Принстон, Нью-Джерси) — американдық физик, «бейтараптар К-мезондарының ыдырауындағы симметрияның негізгі принциптеріндегі бұзылуын ашқаны үшін» Джеймс Уотсон Кронинмен бірге физика бойынша 1980 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
Принстон университетінің құрметті профессоры, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі. Ұлттық ғылым медалімен марапатталған (1993).
Макгилл университетін бітірген (бакалавриат, 1948). 1954 жылы Колумбия университетінде физика ғылымының кандидаты дәрежесін алды. Сол жылдан бастап Принстон университетінде сабақ береді, 1976—81 жылдары физика кафедрасының меңгерушісі, 1987 жылдан бастап еңбек сіңірген университетінің физика профессоры болды. 1970—73 жж. President's Science Advisory Committee мүшесі болды. «Ғалымдардың адамзатқа ескертуіне» (1992) қол қойды.
World Cultural Council негізін қалаушы мүшесі (1981). 1988—1989 жж Американдық физикалық қоғамының президенті, оның феллосы. Американдық ғылымды дамыту қауымдастығының мүшесі.
АҚШ Ұлттық ғылым академиясының (1966) және Америка өнер және ғылым академиясының мүшесі.
|