Аденозин

Аденозин — пурин негізі — адениннен және моносахарид-рибоза көмірсуынан тұратын қосынды (нуклеозид), суда еритін түссіз кристалл, балқу температурасы 229°. Ол адам мен жануарлар организмдерінде аденил қышқылы ыдыраған кезде түзіледі. Аденозин барлық тірі организмдердің нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ), аденозинфосфаттардың және тіршілікке қажет кейбір коферменттер мен биологиялық маңызды заттардың құрамына кіреді. Химиялық формуласы - C10H13N5O4.

Дереккөздер

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9