Сантьяго Рамон-и-Кахаль | |
ис. Santiago Ramón y Cajal | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Петилья-де-Арагон, Наварре, Испания |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы | |
Ғылыми жетекші | |
Несімен белгілі |
ми тіні микроқұрылымын зерттеуші |
Марапаттары |
|
Сантьяго Рамон-и-Кахаль (ис. Santiago Ramón y Cajal; 1 мамыр 1852, Петилья-де-Арагон — 17 қазан 1934, Мадрид) — испандық дәрігер және гистолог, нейробиологияның негіздеушілерінің бірі. 1906 жылы Камилло Гольджимен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты болды.
Рамон-и-Кахаль Сарагосс университетін бітірген (1873), профессор (1877). Валенсия, Барселона, ал 1892—1922 ж. Мадрид университеттерінде профессор. Осында биология зерттеу лабораториясын ұйымдастырды. Бұл институтқа кейін Рамон-и-Кахаль Сантьяго есімі берілді. Ол нерв жүйесі құрылысының нейрон теориясын, жұлын, мишық т. б. нерв жүйесі бөлімдерін зерттеді. Эмбриональды гистогенезді, дегенерация және регенерация процесін, омыртқасыздардың көру орталығын зерттеді. Нейрогистол. әдістерді зерттеуде көп еңбек сіңірді. 1906 ж. Нобель сыйлығы (К. Голъджимен бірге) берілді.
|