Марко ван Бастен | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
188 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызметі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марко ван Бастен (нидер. Marco van Basten , ; толық аты — Марсел ван Бастен, нидер. Marcel van Basten; 31 қазан 1964 жыл, Утрехт, Нидерланд) — нидерланд футболшысы. Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының 80-90 жылдардағы ең үздік футболшыларының бірі. 1988 жылғы Еуропа чемпионы.
"Аякс" клубының түлегі. 1981-87 жылдары клуб сапында 133 ойын өткізді. 1987 жылы отандастары Руд Гуллит, Франк Райкаард үшеуі "Милан" футболшысы атанды. Алғашқы маусымда-ақ Италия чемпиондығына қол жеткізді, кейін қататынан екі жыл Чемпиондар кубогында топ жарды.
1993 жылы жарақатының кесірінен футболмен қоштасты.
1988 жылғы Еуропа чемпионатының финалында КСРО қақпасына "ғасыр голын" соқты. Екінші таймда әуелеп келген допты тоқтатпай қақпаға бағыттады, қақпадан өте қиғаш тұрса да, қақпашы Ринат Дасаевтың үстінен асыра қашық бұрышты дәл көздеді.
1990 жылы әлем чемпионатына, 1992 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.
2003 жылы бапкерлікке ауысты. 2004-2008 жылдары Нидерланд Ұлттық құрамасын жаттықтырды. 2006 жылғы әлем чемпионатынның 1/8 финалында Нидерланд 0:1 есебімен Португалиядан ұтылып қалғанына қарамастан, келісім шарт тағы екі жылға созылды.
2008 жылғы Еуропа чемпионатында Нидерланд топтық кезеңнің барлық кездесуінде жеңіске жетті. Бірақ 1/8 финалда күтпеген жерде Ресейден 1:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл Ван Вастеннің құрама бапкерлігі ретінде соңғы ойыны болды.
Сол жылы "Аякс" бас жаттықтырушысы боп тағайындалды.
«Аякс»
«Милан»
Нидерланд құрамасы