Лилиан Тюрам | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Рюдди Лилиан Тюрам-Юльен | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары |
Thu-Thu | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Пуэнт-а-Питр, Гваделупа | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
185 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
79 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рюдди Лилиан Тюрам-Юльен (фр. Ruddy Lilian Thuram-Ulien; 1 қаңтар 1972, Пуэнт-а-Питр, Гваделупа), Лилиан Тюрам (фр. Lilian Thuram ретінде танымал) — француз футболшысы, қорғаушы. 1998 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылғы Еуропа чемпионы.
Бала кезінде футболшы емес, католик әулиесі болуды армандапты, бірақ бойындағы ерекше талантты байқаған соң футболды таңдайды. Кейін мұсылман дініне ауысты.
1991 жылы карьерасын "Монако" сапында бастады. 1996 жылы "Пармаға" ауысып, бес маусым өнер көрсетті. Осы аралықта 1999 жылы УЕФА кубогын ұтып алды.
2001-2006 жылдары "Ювентусте" ойнап, 4 рет чемпион атанды. Бірақ 2006 жылғы "Кальчополи" атанған жемқорлық жанжалынан соң екі чемпиондығы кері алынды да, команда Б сериясына түсіп кетті. Төменгі топта ойнағысы келмеген бірнеше футболшы "Ювентустан" кетті, соның ішінде Тюрам да бар еді.
Тюрам 2006 жылы жазда "Барселонаға" ауысты. Барселонада екі жыл ойнап, 2008 жылы жүрек ақауына байланысты футболмен біржола қоштасты.
Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген рекордшы (142). Құрамада ойнап жүріп екі гол ғана енгізген, екеуін де 1998 жылы әлем біріншілігінің жартылай финалында Хорватияның қақпасына соқты. Тюрамның голдары арқылы Франция тұңғыш рет финалға шықты.
Кейін 2000, 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионатына, 2002, 2006 жылдары әлем чемпионатына қатысты.
Ұлдары Маркус Тюрам мен Хеффрен Тюрам да кәсіпқой футболшы.
Командалық
Жеке