Карлес Пуйоль | ||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||
Туған жері |
Побла-де-Сегур, Испания | |||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||
Бойы |
178 см | |||||||||||||||
Салмағы |
81 кг | |||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | |||||||||||||||
Номері |
5 | |||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Карлес Пуйоль Сафоркада (ис. Carles Puyol Saforcada, кат. Carles Puyol i Saforcada; 13 сәуір 11978, Побла-де-Сегур, Испания) — испаниялық футболшы, қорғаушы, әлем және Еуропа чемпионы.
17 жасынан бастап Барселона академиясында тәрбиеленген. Осы клубта ғана ойнап, 593 матчта 18 гол соқты. Луис Энрикеден капитандық жолақты алды. Каталондықтар құрамында ойнай отырып, 6 рет Испания Чемпионы атанды, 2 рет Ел Кубогын, 3 рет Чемпиондар Лигасын, 6 рет Испания Суперкубогын, 2 рет Еуропа Суперкубогын және де 2 рет Дүниежүзілік чемпионатын жеңіп алған.
Құрамада Пуйоль 100 матч өткізіп, 3 рет қарсылас команданың қақпасына гол салған. Ол 2000 жылғы Әлем Чемпионатында үздік ойын корсетті. Сонан соң 3 Әлем Чемпионатына қатысқан. 2010 жылы Испания құрамасы Әлем Чемпионы атанады, ал 2008 бен 2012 жылы Еуропа Чемпионы атанады.
Пуйоль-қатты, ашулы, ызалы қорғаушы. Ол ортада және қапталдағы ойында өзін жаксы көрсете білген адам. Оның техникасы мен шыдамдылығы арқасында Сары Кағаздан құтылады. Баспен жаксы ойыны арқасында айыпсоққы көп жағдайда сәтті өтеді.
Пуйоль Испания құрамасында 2010 жылдан бері ойнаған. 2010 жылғы Әлем Чемпионатының жартылай финалдық матчта жалғыз голдың авторы атанды. Германияға қарсы матчта, бұрыштама добын қақпаға дәл бағыттай, Испанияны финалға шығарған.