Ел класико (ис. El Clásico, кат. El Clàssic), немесе Испания дербиі (ис. El derbi Español, кат. El derbi espanyol) — Испанияның футбол чемпионатында өнер көрсететін «Реал» мен каталондық «Барселона» арасында өтетін футбол матчтарының халық арасындағы атауы. Аталған бәсекелестіктің бірнеше себептері бар, бұл әлемдегі екі ірі футбол клубтарының сайысы болса, екіншіден екі ірі этникалық орталықтың және Испаниядағы ең ірі екі қаланың арасындағы сайыс. Ел класико футболдағы ең қызық және ең ірі бәсеке болып саналады.
Реал мен Барселона арасындағы бәсекелестік Испаниядғы футбол лигасының пайда болған кезден басталады. Футбол командалары арасында болатын осындай бәсекелестіктерге қарағанда аталған екі клуб арасындағы бәсекенің тарихи, әлемуметті және саяси астары да бар.
Басты мақала: Эль-Классико статистикасы
ИЧ | ИК | КЛ | СК | ЧЛ | Барлығы | Жолдастық | |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Барселона | 64 | 15 | 2 | 4 | 2 | 89 | 18 |
Тең ойындар | 31 | 6 | 4 | 2 | 3 | 46 | 9 |
Реал | 69 | 10 | 0 | 6 | 3 | 88 | 4 |
Голдар | |||||||
Барселона | 256 | 63 | 13 | 17 | 10 | 360 | 78 |
Реал | 266 | 59 | 8 | 25 | 13 | 371 | 35 |