Джордж Вашингтон Карвер | |
ағылш. George Washington Carver | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы | |
Джордж Вашингтон Карвер (ағылш. George Washington Carver) — америкалық биолог ғалым. XX ғасырдың бас кезінде америкалық фермерлердің көп бөлігі мақта өсірумен айналысатын болған. Дегенмен, әр түрлі жәндіктердің кесірінен мақта шаруашылығының құлдырау кезеңі жақындайды. Кедейліктің сорпасын қайнатқан фермерлерге көмектесу мақсатында Джордж Карвер мақтаның орнына жержаңғақ, соя және батат өнімдерін өсіруді үйретеді. Сондай-ақ, афро-американдық ғалым АҚШ-тың агромәдени орталықтарында астық өнімінің тапшы болғандығынан, қарапайым халыққа жержаңғақ пен бататтан жасалынатын тағамдардың сан түрін үйретуге бел буады. Осы ұмтылыстың барысында Карвер жержаңғақтан косметика, түрлі бояғыштар, пластик, биожанармай, линолеум, майонез, қағаз және резина жасауға қол жеткізеді. Сонымен қатар, Джордж динамиттің негізгі компоненті болатын нитроглицеринді де жаңғақтан алған екен.